Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтарының кіреберістеріне, тау бөктеріне және таулы аймақтарға көктайғақтарға қарсы материалдар себіліп, қардан тазаланды. Көктайғаққа қарсы 4100 тонна материал пайдаланылды. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын тазарту жұмыстары жалғасуда. Жаяу жүргіншілер аймақтары мен таулы аудандарда қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Таңғы сағат 6:00-де 230 текше метр қар шығарылды. Қазгидрометтің болжамы бойынша, бүгін ауа температурасы күндіз -6, кешке қарай -8 болады, қардың жаууы күннің бірінші жартысында тоқтайды.