Алматыда ақпанның 25-і марафон өтеді

“Winter Run 2024” жарысының өтуіне байланысты көше жоладары жабылады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Меңдіқұлов бульварынан Esentai Mall-ға дейін таңғы 07:50-ден 10:45-ке дейін, ал 08:30-дан 10:30-ға дейін әл-Фараби даңғылымен Esentai Mall-дан Гагарин даңғылына дейін қозғалыс шектеледі. Бұл ретте әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық болады. Балама жол шығыс бағытта Тимирязев көшесі бойынша ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Әл-Фараби даңғылынан Ганди көшесіне дейінгі Батыс Желтоқсан көшесінің учаскесі сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.