Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты болжамды растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мәжілісте азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту мәселелеріне арналған үкімет сағатында депутат Дүйсенбай Тұрғанов Алматының сейсмикалық қауіпсіздік проблемасын көтерді.
“Сейсмологтар Алматыда үлкен жер сілкінісі болуы мүмкін деп ылғи ескертіп отырады. Ал сарапшылардың есебіне сәйкес, осы қалада алапат жер сілкінісі болса, адам шығын 400 мыңға дейін барады. Қаладағы нысандардың 60 проценті қирайды. Шығын көлемі 200 миллиард теңге болады деп отыр”, – деді Тұрғанов.
Зерттеуге сәйкес, Алматыда 7-8 балдық қатты жер сілкінісі болса, барлық ғимараттың 30 проценті қирап қалуы мүмкін. 370-385 мың адамға дейін қайтыс болуы ықтимал. Ал 10 балдық жер сілкінісінен кейін қалаға 2 триллион 479 миллиард теңгенің шығыны келеді “, – деді Құсайынов.