“ҚТЖ – Жүк тасымалы” филиалының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Ресми мәліметке сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменттері бірлескен операция өткізген. Сол кезде 800 мың теңге көлемінде пара алған “Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі” ЖШС “ҚТЖ – Жүк тасымалы” филиалының бастығы ұсталды.
“Аталған лауазымды тұлға қабылданған жылдық есептер бойынша оң шешім шығарғаны, сондай-ақ ары қарай қамқорлық жасаймын деп ақша алған”, – делінген ресми хабарламада. Қазіргі кезде тергеу шаралары жалғасып жатыр. Осыған байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды.