Алматыда қар көшкіні болды

Медеу ауданындағы Альпинисттік лагерьдің маңында көлемі 4000 текше метр қар көшкіні түсті. Қазгидромет синоптиктерінен қатты жауын-шашынның жаууына, үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысы тұрақсыз жағдайына байланысты көшкін қаупі сақталатыны туралы дауылды ескерту түсті. Сол себепті ведомство тұрғындарға таулы жерлерге бармауға кеңес береді.