ҚМА «Hit beat music» деп аталатын қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. «Hit beat music» (HBM Group) инвестициялар саласындағы ақпараттық-талдамалық компания ретінде жасырынып, өзінің заңсыз қызметін жүзеге асыратыны анықталды. Компания сенгіш азаматтарға тұрақты сыйақы алуға кепілдік беретін канадалық музыкалық инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынды. Аталған компания ел аумағында заңды тұлға, өкілдік және филиал ретінде тіркелмеген, сондай-ақ ашық банктік шоты жоқ. Тіркелген пайдаланушылардың жалпы саны 2300-ден асады. Қазір қаржы пирамидасын ұйымдастырушысына қатысты 2 айға дейінгі мерзімге бұлтартпау шарасы санкцияланды.