Тоқаев Лукашенконың Қазақстан туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

“Жақында Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекетке кіруді ұсынды. Мен оның әзіліне лайықты баға бердім. Менің ойымша, бұған ешбір қажеттілік жоқ. Өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ бар. Бізге ядролық қару қажет емес. Себебі Ядролық қаруды таратпау туралы шарт пен Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар аясындағы міндеттемелерге адал болып қала береміз”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске салайық, бұған дейін Беларусь басшысы Қазақстанды одақтас мемлекетке “шақырған” болатын.