Алматыда базар маңында ер адам қызды ұрып құлатқан.

25 жастағы қыз есінен танып қалған. Видео Instagram желісінде пайда болды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті 35 жастағы С есімді ер адам. Ол қазір ұсталып, тергеп-тексеру үшін Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі”, – деді полицейлер. Қыздың алған жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.