Алматыда екі көше ұзарады

Қалалық мобильді басқармасы осылай деп хабарлады. Тілендиев көшесі мен Солтүстік жарты айналма жолды солтүстік бағытта Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарады. Ведомствоның мәліметінше, қазір Алматыны дамытудың Бас жоспарына түзету енгізіліп жатыр.”Аталған жолдарды тесу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мерзімі 2022 жылға жоспарланып отыр. Тілендиев көшесін тоғыз шақырымға, ал солтүстік жарты шеңберді 1,2 шақырымға ұзарту жоспарда бар. Сондай-ақ, көлік жолайрығын салу ұсынылады”, – деп хабарлады ведомоство өкілдері.