Алматыда “элиталық эскорт” желісінің ұйымдастырушысы ұсталды.

Сол топтардың әкімшісі – 25 жастағы алматылық қыз ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын келбетті қыздарды іздеп, бай клиенттерді тартумен айналысқан. Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі “жабық” топтарды анықтады. Олар арқылы Алматы қаласында қалталы ер адамдар үшін интимдік және “эскорт-сүйемелдеу” қызметтері көрсетілген, – деді Polisia.kz сайты. Желі ұйымдастырушы қыздарға “демеушілерді” табуға, әлемді көруге және өмірін жеңілдетуге уәде берген. Топқа кіру 300 АҚШ долларына тең. Көрсетілген жеңгетайлық қызметі үшін күдікті клиенттен түскен ақшаның 40 пайызын өзіне, қалғанын қызмет көрсеткен қыз алған. “Кездесудің” құны бір сағат үшін 500 мың теңгеден бастап, әртүрлі бағамен өлшенген. Деректерді талдау нәтижесінде күдіктінің 2022 жылғы қаражат айналымы 209 миллион теңгеден астам сома болған. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.