Алматыда көлік жерасты өткеліне құлады: дәрігерлер балалардың жағдайын айтты

Алматыда 14 қарашада жол апаты болып, салдарынан көлік жерасты жаяу өткеліне құлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жол апатынан 1980 жылғы жолаушы әйел мен 2015, 2014 және 2010 жылғы үш бала зардап шеккен болатын. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, үш бала жедел медициналық көмек орталығына жеткізілді.