Алматыда келер жылдан бастап 100 мектеп автобусы қатынайды

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев хабарлады. «Өткен мәслихаттың отырысында мектеп автобустары туралы мәселені бюджетке кіргіздік. Биыл арнайы мектептер үшін 100 автобус сатып аламыз. Ол үшін жалпы 2 млрд теңге бөлдік. Қаладағы 8 аудан ішінен автобус баратын 29 мектеп таңдалды. Бостандық ауданы бойынша автобус Әл-Фараби даңғылының жоғары жағында орналасқан мектептерге таңертең қатынайды»,- деді Ерболат Досаев.