Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек мәлімдеді. Оның айтуынша, мегаполисте аталған көлік құралдарының қатысуымен жол апаттары көбейген. Себебі, олардың қозғалысын бақылап отырған ешкім жоқ, және ешқандай шектеулер де белгіленбеген. Айта кетейік, Алматы қаласында күнделікті 900 мыңдай автокөлік жүреді.