Министрлік мұғалімдерге 30 млрд теңгеге жалақы мен еңбек демалысының ақысын төлемеген

Фото: /sn.kz

Депутат Юлия Кучинская мәжіліс отырысында осылай деп мәлімдеді. Осы мәлімдемеге қатысты оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Оқу-ағарту вице-министрі педаогтерге 246 млрд теңге көлемінде еңбек демалысының ақысы уақытылы аударылғанын хабарлады. Оның айтуынша, өңірлердің басым бөлігінде мұғалімдерге еңбек демалысының ақысы толық төленген. “Еңбек демалысы мен ай сайынғы еңбекақы жергілікті бюджет есебінен төленеді. Талдау барысында министрлік бірқатар өңірде 28 млрд теңге көлеміндегі қаражат уақытылы аударылмағанын тіркеді. Мұның басты себебі – қаражаттың жетіспеушілігінен емес, керісінше жергілікті деңгейдегі жұмыстар мен рәсім мәселелеріне байланысты болып отыр. Бұл мәселелер толығымен жергілікті білім басқармаларының құзыретіне жатады. Сондықтан мұндай мәлімдемелерге жауапкершілікпен қарап, кейбір мәселелердің қай мемлекеттік органдардың құзырында екенін ескеруді сұраймыз”, – деді Бейсембаев. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, төлем мәселесі бір апта ішінде шешіледі.