Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған жиынға қатысты

«Бұл дата тәуелсіздік тарихындағы айтулы белес. Президенттің пікірінше, құқық қорғау жүйесі – мемлекеттігіміздің берік негізі, елдегі тұрақтылықтың басты кепілі. Заңның орындалуын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау – жауапкершілігі мол жұмыс. Былтыр ішкі істер саласына ауқымды әрі жүйелі реформа жасалды. Нәтижесінде полициямыз өз міндетін жоғары деңгейде атқарып жатыр. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде құқық қорғау жүйесі түрлі сын-қатермен бетпе-бет келді. Өтпелі кезеңдегі ахуал қандай күрделі болғанын жақсы білесіздер. Полиция қылмыспен табанды түрде күресті. Сол арқылы бизнестің қалыптасуына жағдай жасалды”, – деді мемлекет басшысы.