Алматыда нәрестелерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматыда нәрестелерді сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу шаралары басталды. Қылмыстық топтың мүшелері шақалақтарды баласы жоқ отбасыларға ұсынған, деп хабарлайды AstanaTV арнасы. Қазіргі кезде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. “Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және балалары жоқ ерлі-зайыптыны іздеген. Сондай-ақ балалардың туу туралы жалған куәлігін дайындаумен айналысқаны анықталды. Аталған факті бойынша “Кәмелетке толмағандарды сату” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды”, – деді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек.