Алматыда ұрланған көліктердің VIN-кодын өзгерткендер ұсталды

“Күдіктілер жұмыс істеген гараждан жиынтық мәліметтерін жою үшін дайындалған түрлі маркалы 10 көлік табылды. Арнайы операцияны Түрксіб ауданының ПД мен криминалдық полиция қызметкерлері жүргізді. Күдіктілер бұрын сотталған. Олар осы гаражды жалға алғандарын, көліктердің жиынтық деректерін өзгертумен айналысқанын мойындады”, – делінген хабарламада. Гаражды тексеру кезінде пайдаланылған және пайдаланылмаған металдар, қағаз жапсырмалар, бірнеше мемлекеттік нөмірлер, ноутбуктер, мониторлар мен процессорлар табылған. “Сот-медициналық сарапшылар жиынтық деректерді өзгерту үшін қолданылатын екі лазерлік таңбалау аппаратын, алфавиттік және сандық белгілеулері бар металл баспаларды, көлік құралдарының жиынтық деректерінен ұқсас қаріптерді тәркіледі. Қазір сәйкестендіру нөмірлері өзгертілген көліктерді анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді полицейлер. Күдіктілер қамауға алынды.