Алматыда сахнада тұрып әйелдерді балағаттаған стендапер 10 тәулікке қамалды

22 жастағы стендапер сахнада тұрып қызды қорлағаны үшін кешірім сұрады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны Алматы қалалық полициясы өкілдері жариялады. “Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды”, – делінген хабарламада.