Алматыда самокат мінген тыр жалаңаш жұп қамауға алынды

Олар қала жолдарында киімсіз және іш киімсіз самокат тепкен. 25 және 29 жастағы азаматтарға қатысты сот отырысы өтті. Құқық бұзушыларды Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтаған. Олардың әдепсіз әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) квалификацияланды. Іс материалдары сотқа жіберілді, оның шешімімен әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.