Алматыда ұсталған мародерлер қару-жарақ дүкенін қалай тонағанын айтты

Полиция мәліметінше, ұсталғандар “қару-жарақты” бейтаныс адамдардың бұйрығымен тонаған. Екі күдікті Алматы облысының, тағы біреуі Жамбыл облысының тұрғындары. “Үш күдіктінің де Алматыда тұрақты жұмыстары жоқ, кездейсоқ жұмыстармен күн көреді. Олардың бірі бұрын тонау бойынша сотты болған. Олар 22-24 жаста”, – деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.