Алматыдағы №1 МХҚО сенбі күні жұмыс істемейді

Орталықтағы көлік құралдарын тіркеу/қайта тіркеу бойынша секторы “Avtodom” автокешенінің ғимаратына қоныс аударады. Аталған қызмет 1 наурыздан бастап Сәтпаев көшесі, 90/21 мекенжайындағы автокешен ғимаратында көрсетіледі. Ал жүргізуші кәулігіне қатысты қызметтер бұрынғыша Саялы шағынауданындағы №1 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетілетін болады.