Алматы балабақшаларының бірінде балалар өздерінен кіші баланы ұрып-соққан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Соған байланысты қала әкімдігі жағдайды түсіндірді. Оқиға 2021 жылдың 24 желтоқсанында Алматы қаласы Әуезов ауданында №58 балабақшада болған. Балалар 2017 жылы туған балаға күш көрсеткен. Соған қатысты қызметтік тексеру жүргізілді. “Нәтижесінде тәртіп бұзушылыққа жол бергені үшін топ тәрбиешісі мен балабақша меңгерушісі қызметінен босатылды. Әуезов ауданының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы мен білім бөлімінің басшысына бақылауды әлсіреткені үшін тәртіптік жаза қолданылды”, – деді Алматы қаласы білім басқармасы. Балабақша тәрбиеленушісіне ата-анасының келісімі негізінде психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр. Баланың жағдайы жақсы, деп нақтылады басқарма.