«Астана Опера» театрында жарылғыш зат болмаған

Фото: Inbusiness.kz

«Астана Опера» театрының ішінде «қолдан жасалған жарылғыш зат болуы мүмкін» деген ақпарат расталмады, деп хабарлайды Хабар 24. Күдік тудырған 30 жастағы азаматтың сөмкесінен қауіпті ештеңе табылмапты. Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 11.45-те қойылым тамашалауға келген көрермендер спектакльдің басталуына жарты сағат қалған кезде ғимараттан дереу шығарылғаны туралы хабарланған болатын. Театр қызметкерлері де қауіпсіз жерге көшірілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері іште тексеріс жүргізіп, қауіпті зат анықталмаған соң театр ұжымы жұмысына қайта оралды. Куәгерлердің айтуынша, залда 300-ге жуық көрермен болған. Көбі ата-анасымен келген бүлдіршіндер.