Талдықорған тұрғыны өгей қызын үш жыл бойы зорлады деген күдікке ілінді

Талдықорған тұрғыны 12 жастағы өгей қызын үш жыл бойы азғырып келді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев хабарлады. Қорлық көрген қыз өзіне қол салмақшы болған. Мамандардың араласуымен бұл іс шешімін тапты. Бірақ карантин және шектеу шаралары енгізілген кезеңде мұндай қылмыстар саны едәуір артқан, деп хабарлады “Астана” арнасы. “Жұмыс барысында өгей қызын үш жыл бойы зорлап келген өгей әкені ұстадық”, – дейді Дүйсетаев. Сондай-ақ кәмелетке толмаған жеткіншекпен интимдік тақырыпта хат алмасқан Алматы қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған.