Алматыда жер сілкінісінен кейін мамандар тексеріс жүргізді.

Олар 36 жолайрық пен көпірге, 45 жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелін тексерді. Нәтижесінде оларға зақым келмегенін анықтады. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы мәлімдеді.