Алматыдан Тель-Авивке рейс ашылды

Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелері аптасына (бейсенбі және жексенбі) 2 рейс жиілігімен қатынайды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Қазір ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын тұрақты негізде ұлғайту жүріп жатыр. “Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді”, – делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.