Алматылық «Қайрат» футболшылары Данияда алғашқы жаттығуын өткізді.
Бұл — Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші туры аясында «Копенгагенге» қарсы өтетін матч алдындағы дайындық жаттығуы. Кездесу қарашаның 26-сы күні «Паркен» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша 22:45-те басталады.
Төрт турдан кейін «Копенгаген» мен «Қайраттың» әрқайсысында бір ұпайдан бар. Олар жалпы кезең кестесінде тиісінше 33-ші және 34-орындарды иеленіп отыр. Дат клубы тек соғылған және жіберілген доптар айырмасы бойынша ғана жоғары орналасқан.
