Алматы тұрғыны 2 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактуралар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.
“Тергеу барысында алматылықтың 2016-2019 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарға жалған шот-фактуралар жазып беріп, оған есеп беретін коммерциялық компания арқылы жалпы сомасы екі миллиард теңгеге қызмет көрсетпей, салық төлеуден жалтарғаны анықталды”, – деп дейді Қаржы министрлігінің өкілдері. Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырған адам кінәлі деп танылды.
Cондай-ақ, ол экономикалық қызмет саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айырылып, екі жыл және алты ай бас бостандығынан айырылды.