Алматылық екі миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған

Алматы тұрғыны 2 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактуралар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

“Тергеу барысында алматылықтың 2016-2019 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарға жалған шот-фактуралар жазып беріп, оған есеп беретін коммерциялық компания арқылы жалпы сомасы екі миллиард теңгеге қызмет көрсетпей, салық төлеуден жалтарғаны анықталды”, – деп дейді Қаржы министрлігінің өкілдері. Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырған адам кінәлі деп танылды.

Cондай-ақ, ол экономикалық қызмет саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айырылып, екі жыл және алты ай бас бостандығынан айырылды.

View this post on Instagram

Алматы тұрғыны ақшаны заңсыз қолма-қолға айналдырғаны үшін сотталды ҚР ҚМ Қаржы мониторингІ комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жалпы республикалық "Стоп – Обнал" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында, Алматы қаласының екінші деңгейлі банктерінен ақшаны заңсыз жолмен қолма-қолға айналдыру деректерінің деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізуде. Ағымдағы жылы Департаментпен 63 қылмыс, оның ішінде ұйымдасқан қымыстық топ құру арқылы қандай да бір қызмет атқармайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің есепшоты арқылы екінші деңгейлі банкттерден қаражатты заңсыз қолма-қолға айналдырудың 2 фактісі анықталған болатын. Мәселен, Алматы қаласының тұрғынына қатысты жалған шот – фактуралар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды материалдық сыйақы үшін жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды. Тергеу кезінде анықталғандай, Алматы қаласының тұрғыны 2016-2019 жылдар аралығында өзіне тиесілі компания арқылы коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтару үшін, жалпы сомасы 2 млрд. теңгеге сауда-саттық болды делінген жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен қылмыстық іс-әрекетті ұйымдастырушы ҚР ҚК 216-бабының 3-б. сәйкес (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) кінәлі деп танылып 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, соттың үкіміне сәйкес, аталған азаматқа экономикалық қызмет саласында басшылық қызметпен 10 жыл мерзімге айналыспау туралы шектеу қойылды. ~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~ Житель г. Алматы осужден за незаконное обналичивание денег Департаментом экономических расследований по городу Алматы Комитета по финансовому мониторингу МФ РК в рамках общереспубликанского оперативно-профилактического мероприятия «Стоп – Обнал» проводится работа по сокращению объемов криминального обналичивания денежных средств в банках второго уровня города Алматы. ⬇️

A post shared by КФМ МФ РК (@kfm_mf.rk) on