Алматының бас санитар дәрігері қай вакцина ең тиімді және ұзақ уақыт әсер ететінін айтты

Алматының бас санитар дәрігері қала тұрғындарын вакцина салдыруға шақырып, қай вакцина ең тиімді және ұзақ уақыт әсер ететінін айтты. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған қала тұрғындары арасында жүргізілген зерттеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Статистикаға сәйкес, QazCovid-in вакцинациясынан кейін ауырғандар аз тіркелді. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасындағы емдеу ісі мамандарының мәліметінше, отандық вакцинаны салдырғаннан кейін басқа вакциналармен салыстырғанда пациенттерде жанама әсер аз байқалады. Сондай-ақ жаппай вакциналауды және вакцинадан кейін ауруды жұқтырғандарың аз болуын ескерсек, неғұрлым көбірек әсер ететіні байқалады”, – деп нақтылады Жандарбек Бекшин.