Альварес Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді

WBC, WBA мен WBO тұжырымдары бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль “Канело” Альварес (56-1-2, 38 KO) GGG-ге қарсы үшінші жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді. Журналист Канелодан Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек туралы сұрағанда боксшы оны алдымен GGG-дің өзінен білуге кеңес берді. “GGG-ден 168 фунтқа көтерілуге дайын ба, жоқ па, алдымен осыны сұраңыз. Өз басым кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайынмын”, – деді Альварес ESPN тілшісі қойған сұраққа. Бұған дейін Альварес пен Головкин екі рет кездескен. Орта салмақта өткен бірінші жекпе-жекте екі боксшы тең түссе, келесі жекпе-жекте Канело төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Сол кезде төрешілікке қатысты дау-дамай да болған.