Ғалымдар коронавирустың келесі толқыны қашан болатынын болжады

Сиэттлдегі Фред Хатчинсон қатерлі ісікті зерттеу орталығының және Франциядағы Гренобль-Альпі Университетінің мамандары 2021 жылы пандемияның дамуын анықтауға мүмкіндік беретін болжамды модель жасады. Зерттеу нәтижесі medRxiv серверінде жарияланды, – деп хабарлайды РИА Новости.

Ғалымдардың болжамы бойынша, пандемияның келесі толқыны жаз мезгілінің басында болады және ол жаңа, тез жұғатын SARS-CoV-2 вирусының штамымен байланысты, ал вакциналардың тиімділігі – негізгі фактор.

Болжам авторларының сөзінше, SARS-CoV-2 жақсы зерттелгеніне қарамастан, жаңа штамдардың жұқпалығын әртүрлі бағалау және оларға қарсы вакциналардың тиімділігі бойынша деректердің болмауына байланысты алдағы толқындардың мерзімі мен қарқыны қандай болары белгісіз.

Соған қарамастан, модельдеу нәтижелері барлық сценарийде адам өлімін едәуір төмендететін негізгі фактор вакцинация және оқшаулау режимін ертерек енгізу екенін көрсетті.
Ғалымдар вакцинацияны қолдану кезінде туындайтын қиындықтарды бөлек талдады. Сынақ аймағы ретінде олар Вашингтон штатының Кинг округін алып, түрлі сценарийді модельдеді, мысалы халықтың вакцинация деңгейі, вакциналардың тиімділігі және оқшаулау шараларын енгізу және жеңілдету үшін шекті мәндер.