АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны соғыстағы халық шығынынан асып түсті

Америка Құрама Штаттарында коронавирустан көз жұмғандар саны Бірінші дүниежүзілік соғыстағы халық шығынынан асып түсті. Мұндай статистиканы Джонс Хопкинс университеті келтірді.

Мәселен, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ-тан 116 516 адам қаза болса, коронавирус ауруынан 116 526 адам көз жұмған.

Сонымен бірге Вашингтон университетінің медициналық көрсеткіштер мен бағалау институтының зерттеушілері қазан айында коронавирус құрбандарының саны 201 мың адамнан асады деп болжап отыр.