Америкалық Netflix компаниясы актерлерге міндетті вакцинация енгізді

Америкалық Netflix компаниясы актерлерге міндетті вакцинация енгізді. Netflix Голливудта коронавирустың тарауына қарсы күрес бойынша міндетті шара енгізген алғашқы студия. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. Мұндай шешім COVID-19-дың төртінші толқынына АҚШ-та “дельта” штамының таралуына байланысты қабылданған. Басылым мәліметінше, компанияның жаңа бұйрығы түсірілім тобының мүшелеріне де қатысты. Вакцина алған актерлерді және бүкіл топты жұмысқа қайтару туралы хаттамалар өткен аптада Голливуд кәсіподақтарымен және ірі киностудиялармен келісілген.