АҚШ-та клиникалық зерттеулер барысында коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын қабылдаған төрт адамда беттегі нервтарға қатысты Белла параличі пайда болған. Бұл туралы Daily Mail хабарлады. АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау басқармасы (FDA) мұндай жанама әсердің вакцинадан болғанына күмән келтіріп отыр. Дегенмен дәрігерлерге пациенттердің денсаулығын мұқият бақылауға кеңес берді. Айтуларынша, Белла сал ауруы кез келген адамда болуы мүмкін және оның себебі белгісіз, дегенмен вирустық респираторлық инфекциялар, оның ішінде коронавирус қауіпті фактор болып саналады.