Өнеркәсіп және құрылыс министрі осылай деді. “Меншік құқығы Қазақстанның пайдасына берілгеннен кейін үкімет ешқандай шетелдік инвесторларды қарастырмайды. Екіншіден, кәсіподақтардың ұжымдық негізінде кәсіпорында қазір бар барлық жағдай сақталады, өзгеріссіз қалады”, – деді министр. Қоса кетейік, бүгін премьер-министр Әлихан Смайылов АМТ-ны Қазақстанның пайдасына аудару бойынша мәміле аяқталуға жақын екенін айтты.