Елімізде еңбек шартын онлайн режимде рәсімдеуге болады

Бқл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Жаңа қызмет HR.Enbek.kz порталында қолжетімді. Жұмысқа тұратын адамдар еңбек шартына портал және Enbek HR мобильді қосымшасы арқылы қол қоя алады. Бұрын еңбек шарттары қағаз нұсқасында жасалған. Ал барлық ақпаратты кадр қызметтері еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізген. Енді жұмыс берушілер порталдың “Еңбек шарттары” бөлімінде құжаттың жобасын жасап қана қоймай, шарттың жеке файлын да жүктей алады. Сосын оны жұмыскердің жеке кабинетіне қол қоюға жіберуге болады.