АМТ инвесторы ауысқанымен жалақы мен еңбек жағдайы бұрынғыша қалады

Өнеркәсіп және құрылыс министрі осылай деді. “Меншік құқығы Қазақстанның пайдасына берілгеннен кейін үкімет ешқандай шетелдік инвесторларды қарастырмайды. Екіншіден, кәсіподақтардың ұжымдық негізінде кәсіпорында қазір бар барлық жағдай сақталады, өзгеріссіз қалады”, – деді министр. Қоса кетейік, бүгін премьер-министр Әлихан Смайылов АМТ-ны Қазақстанның пайдасына аудару бойынша мәміле аяқталуға жақын екенін айтты.