Анна Башинская Түркия мен Зеленский туралы пікірінен кейін партиядан шықты

Ол – Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымындағы бұрынғы депутаты. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Amanat партиясының жауапты хатшысы Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді. “Башинская шын мәнінде партияның жаңа мүшесі. Иә, байқаусызда қателесті. Ол мұны мойындады. Ол әлеуметтік желіде пікірін білдірді. Шешім қабылдап, депутаттық мандаттан бас тартты. Партияның беделіне нұқсан келтірді деп айта алмаймын. Партия халықаралық істерге араласпайды. Біз басқа ел президенттерінің мәлімдемелеріне түсініктеме бермейміз”, – деді Бейсенбаев.