Антальядағы өрттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Антальядағы өрттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осылай деп мәлімдеді. Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирли Антальядағы өрттен кем дегенде 53 адам зардап шекті дейді. “Қызыл жалынды ауыздықтау кезінде өрт сөндіру көлігі аударылып кетіп, жүргізуші ауыр жарақат алды”, – деді шенеунік. Еске сала кетейік, 28 шілдеде Антальяда алапат орман өрті болды. Онда ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілген. Туристер жанып жатқан ағаштар мен қаланы басып қалған қара түтінді видеоға түсірді. Түркия билігі Антальядағы қызыл жалын туристік нысандарға қауіп төндірмейді деп сендірді.