Қарағандыда балаларға арнап жаңадан салынған интернат апатты деп танылды

Қарағандыда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған интернат апатты деп танылды. Ғимарат осыдан небәрі 4 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген еді. Мердігер компания құрылыс жұмыстарын сапасыз жүргізген. Тіпті нысанның сыры кеппей жатып кемшіліктер анықталыпты. Кейін жауапты кәсіпорын олқылықты жойған. Алайда жұмыстың кепілдік мерзімі аяқталған соң интернат жарамсыз болып қалды. Қабырғалары жарылып, төбесі де опырылудың аз алдында тұр. Сот шешімімен интернаттың қызметі тоқтатылды.