Қарағандыдағы жемқорлық дауы: аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы ұсталды

Қарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол ТКШ мәселелері бойынша жетекшілік еткен, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Аудан әкімі орынбасарының ұсталғаны туралы ақпаратты Қарағанды ​​облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Мұрат Түлеубаев растады. Ол әкім орынбасарымен қатар әкімдіктегі басқармалардың бірінің басшысы да ұсталғанын атап өтті. Мемлекеттік қызметшілер кәсіпкерден 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.