Қарағандылық әйелдің өліміне қатысты аттракцион инструкторы қамауға алынды

«Тергеу барысында 32 жастағы аттракцион нұсқаушысының қауіпсіздік техникасын өрескел бұзғаны анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр», – деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин. Еске сала кетейік, 10 қазанда Қарағандыда «тарзанка» типті аттракционда жазатайым оқиға болды. 33 жастағы әйел 9 қабатты ғимараттың төбесінен секіру кезінде ауыр жарақат алды. Дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Полиция қылмыстық іс қозғады. Әлеуметтік желіде оқиғаның қалай болғаны түсірілген видео жарияланды. Марқұмның туыстарының айтуынша, қайғылы оқиғаға дұрыс бекітілмеген арқан себеп. Марқұмның артында үш баласы қалды.