“Қара су сеуіп жүр”: Министрлік дезинфекцияға қатысты шулы видеоға түсініктеме берді

Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде көшелердің бірінде сумен дезинфекция жасалып жатқанын айтып, видео жариялады. Қазақстанның қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, оның арнайы ерітінді екенін хабарлады.

“Әлеуметтік желіде жарияланған видеода әйел көшелерді дезинфекциялап жүрген әскери қызметшілерге сұрақ қойған. Ол дезинфекция үшін қарапайым су қолданылып жатқанын мәлімдеді. Шындығында, ол – әкімдік бөлімшелері көшелерді дезинфекциялауға берген арнайы ерітінді”, – деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, санитарлық залалсыздандыру бөлімшелерін дезинфекциялау құралдарымен әкімдіктер қамтамасыз етеді.

Қоғамға жанашырлық танытқан жақсы қасиет. Дегенмен қоғам үшін деп тым асыра сілтеудің зиянды тұстарын да назарға алған жөн. Иә, әлеуметтік желі қолданушысы залалсыздандыру жұмысында қолданып жатқан дәрінің құрамын білгісі келді. Желіге тікелей эфирді қосып емес, жауапты саланың мамандарынан талап еткенде кешегідей жағдай орын алмас па еді! Залалсыздандыру жұмысын жасап жүрген азаматтардың да айыбы бар. Дәрі құрамын білгісі келген тұрғынға дөрекілік танытпай жатығымен түсіндіруі керек. Қазіргі жағдайда көп адам үрейленудің салдарынан жүйкесіне де салмақ түскені баршамызға белгілі. Дегенмен барлық мәселені ақылға салмағаны екі тарапқа да үлкен ұят.Ол кісіні де түсінуге болады. Қазір осындай хайп жасау тренд. Мүмкін одан кенже қалғысы келмеген болар.Атам қазақ "жеті өлшеп бір кес" деп босқа айтпаған екен. Бұл сөздің астарында елге ақпарат берудің де өлшемі жатқанын ұғындым.

Опубликовано Бибі Айшей Вторник, 28 июля 2020 г.