Қарашығанақ кен орнында жөндеуге байланысты мұнай өндіру тоқтатылады

Жоспарлы жөндеу жұмыстары 12 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді. Бұл ақпаратты энергетика министрлігінің баспасөз қызметі растады. Айта кетейік, 1979 жылы ашылған Қарашығанақ кен орны әлемдегі ең ірі сұйық газ кен орындарының бірі.Ол Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 шаршы километрден астам аумақты алып жатыр.