Арон Атабек қайтыс болды

Ақын Арон Атабек коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлады Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы. Ведомствоның мәліметінше, Атабекке қазан айының басында “Аса ауыр дәрежедегі коронавирус инфекциясы” диагнозы қойылған. Алайда ол ауруханаға жатудан бас тартқан. “Жекеменшік емдеу мекемесінде жатты. Сонымен қатар №17 қалалық емхананың мобильді бригадасының медициналық көмегінен бас тартқаны туралы құжат бар”, – делінген хабарламада. Атабек 15 жыл отырған колониядан биыл 1 қазанда босатылған еді.