Алматы ПД қызметкерлері қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген “Astra Consulting agensy” ЖШС басшыларына қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. Полицейлер қаржы пирамидасының құрығына түскен 124 азаматтың мәліметтерін анықтады. Азаматтарды ақша қаражатын инвестициялауға тарту және ай сайын дивиденд төлеуге уәде беру бойынша бірқатар алаяқтық әрекетті жасады деген күдікпен компанияның алты қызметкері ұсталды. Оның басшысына халықаралық іздеу жарияланды