Аспара стансасында пойыздар қозғалысы қайта қалпына келтірілді.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Еске сала кетейік, Түрксіб-Шу учаскесінде жүк вагондары рельстен шығып кеткен болатын. Соның салдарынан жолаушылар пойыздары тоқтатылған еді. Оқиға салдарын жоюға Шу және Тараз станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды. “Жолаушылар тамақпен және ауыз сумен қамтамасыз етілді. Компания жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды”, – делінген ақпаратта.