Бұл іс бойынша “Астана” клубының басшысы Михаил Гурман мен бұрынғы басшысы Давид Лория басты күдікті болып отыр. Тексеріс нәтижесінде жалған келісімшарттар еңбек шартынан кейін жасалып отырғаны анықталды. Ресейлік футбол функционері және “Астана” футбол клубының сарапшылар кеңесі қорының мүшесі Дмитрий Васильев клубтағы жемқорлыққа қатысты арыз түсірген болатын деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Ақшаны 2018 – 2021 жылдар аралығында жалған келісімшарттар жасау арқылы жымқырды деп топшыланған. Келісімшарт бес футболшы мен бұрынғы бас жаттықтырушысы Андрей Тихоновпен жасалған. 30 қазан күні сот футбол клубының қаржылық құжаттары мен бухгалтериялық есептерін алу жайлы қаулы шығарған болатын.