Түркістан облысында 25 адам қаржы пирамидасының құрбаны болды

Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. “Тексеру барысында Түркістан қаласының тұрғыны WhatsApp-та “Асыл Инвест”, “30 пайыз айналым” және “3 күнде 30 пайыз” деген чаттар құрып, хабарлама тарату арқылы азаматтардың қаражатын қаржы пирамидасына тартқаны анықталды”, – делінген хабарламада. Салымшыларға салым сомасының 30 пайыз мөлшерінде пайда алуға кепілдік берілген. Қазір шағымданған тұлғаларға келтірілген шығын сомасы 24 миллион теңгеден асып жығылады.